Өнер
2 мин оқу 572

Студенттердің сөз сайысы

<p style="text-align: justify;">Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығына орай &laquo;Ең бірінші бақытым...&raquo; атты республикалық студенттер айтысы өтті. Айтулы дәстүрге айналған жыр додасына 10 ақын қатысып, сөз сайысының көрігін қыздырды.</p>

Студенттердің сөз сайысы

Айтысты аталған жоғары оқу орнының Телерадио және қоғам­мен байланыс кафедрасының мең­герушісі, ақын Серікзат Дүйсенғазин жүргізіп отырды.

Ауыздығымен алысқан жас жүй­рік­тердің өнерін Аманжол Әлтай, Дәу­леткерей Кәпұлы, Иранғайып Күзем­баев, Еркебұлан Қайназаров секілді елімізге танымал айтыскер­лер­мен бірге университеттің кәсіп­одақ ұйымының төрағасы Мақсат Аралханов сарапқа салды.

Төрт сағатқа созылған дүбірлі дода тартысқа толы болды. Жас ақын­дар еліміздің өткені мен ке­ле­шегін, мұңы мен қуанышын көр­кем сөзбен өрнектеді. Қазақы қал­жыңның да түбін түсірді.

Сонымен еліміздің әр өңіріндегі жоғары оқу орындарының үкілеп жіберген ақындары жиналған бәйгеде бас жүлдені − Қорқыт ата атында­ғы Қызылорда университетінің студен­ті Бексұлтан Орынбасаров жеңіп алды. Бірінші орынды Қазақ ұлт­тық өнер университетінің студенті Төре­хан Совет иеленсе, екінші орын − Х.Дос­мұхамедов атындағы Аты­рау уни­верситетінің студенті Фа­риза Жет­пісбаеваға бұйырды. Үшін­ші орын­ды Қазақ ұлттық өнер уни­вер­ситетінің студенті Мұхит Баба­құл қанағат тұтты.

Сондай-ақ қатысушыларға жү­лдеден бөлек, елорданың рухани ортасына айналған Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия университетінде қыз­мет істеп, шәкірт тәрбиелеген, бүгінде арамызда жоқ, халқымыздың ардақты азаматтары атынан алты аталым тағайындалды. Айталық, Рымғали Нұрғали атындағы арнайы жүлде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік уни­верситетінің студенті Ардақ Орын­бекке берілсе, Дүрәлі Дүй­себай атындағы жүлдені М.Өте­місов атындағы Батыс Қазақстан уни­вер­ситетінің студенті Әділ Ах­метов алды. Мырзатай Серғалиев атын­­дағы жүлдені Павлодар пе­да­гогикалық университетінің сту­денті Жұмәлі Мизам иеленсе, Нәу­бат Қалиев атындағы жүл­деге Л.Н.Гуми­лев атындағы Еура­­зия ұлттық уни­верситетінің сту­­денті Мұхтар Ұлғас­баев ла­йық­ты деп танылды. Ақселеу Сей­дім­бек атындағы жүлде Е.А.Бөке­тов атын­дағы Қарағанды мемлекеттік уни­вер­ситетінің студенті Жандос Бақыт­­ұлына бұйырса, Мырзагелді Кемел атындағы жүлде Л.Н.Гуми­лев атын­­­дағы Еуразия ұлттық уни­­вер­­си­те­тінің студенті Ерасыл Бай­мен­­таевке табыс етілді.

Сонымен қатар айтысқа қолдау көрсеткен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы барлық жас ақынды ба­ғалы сыйлықпен марапаттады.

Бөлісу:
Студенттердің сөз сайысы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар