Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
<p style="text-align: justify;">12 мамырда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Оңтүстік Корея, Грузия, Беларусь Республикасы, Тәжікстан, Моңғолия, Сербия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 25 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
Өткен тәулікте 3 025 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 15 рейс, 1 796 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 683 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 148 жолаушы;
Семей қаласының әуежайына – 2 рейс, 10 жолаушы.
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 123 жолаушы.
Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 192 жолаушы.
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 73 жолаушы.
Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.