Елорда
1 мин оқу 360

Елордада 3 мыңнан аса үкіметтік емес ұйым тіркелген

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласының Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ҮЕҰ жұмысының сапасын жақсарту және дамыту, сәйкесінше азаматтық белсенділікті арттыру және әлеуметтік шиеленісті төмендету мақсатында құрылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp; қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда 3 104 үкіметтік емес ұйым тіркелген, бұл Қазақстандағы ҮЕҰ жалпы санының 13,4%-ын құрайды. Жалпын саны – 22 344. Оның ішінде «Заңды тұлғалар бірлестігі» құқықтық мәртебесіне 456 ұйым ие, қоғамдық бірлестіктер – 1338, мекемелер – 256 және қорлар – 1054. Елорданың белсенді үкіметтік емес ұйымдарының тізіміне 1084 ҮЕҰ кіреді (2018 жылы – 243, 2019 жылы – 471).

Елорда әкімдігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында қалада үкіметтік емес сектордың жұмысын шоғырландыруға бағытталған Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы құрылды және жұмыс істейді. Бүгінде Орталық мынадай қызметтер көрсетеді:

- ҮЕҰ қажеттіліктерін анықтау және оларға сәйкес оқыту;
- Нұр-Сұлтанда үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіруге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- Заңтану, қаржы, жобалау мәселелері бойынша консультациялар өткізу;
- Ақпараттық-сараптамалық қызметтер (материалдармен, әдістемелік құралдармен, заңнама саласындағы жаңалықтармен, өзгерістермен қамтамасыз ету);
- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жобаларды, халықаралық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің қызметін мониторингілеу және бағалау;
- Оқыту іс-шараларын өткізу;
- Тренингтер, семинарлар, дөңгелек үстелдер үшін орындар ұсыну.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қызметі туралы толығырақ ақпаратты сайттан алуға болады: https://civilcenterelorda.kz/cci/index.php.

Бөлісу:
Елордада 3 мыңнан аса үкіметтік емес ұйым тіркелген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар