Үкімет
1 мин оқу 210

Асқар Мамин «Orano» француз атом компаниясының басшысымен кездесті

<p style="text-align: justify;">ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин &laquo;Orano&raquo; директорлар кеңесінің төрағасы Клод Имовенмен кездесу өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

К. Имовен Үкімет басшысына Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданындағы Мойынқұм және Төртқұдық кен орындарында табиғи уранды барлау, өндіру және қайта өңдеу жөніндегі «КАТКО» Қазақстан-Француз бірлескен кәсіпорнының ҚР-дағы қызметін одан әрі дамыту жоспарларын таныстырды.

А. Мамин «КАТКО»-ның ҚР-да уранды қайта өңдеу бойынша ғылыми әзірлемелерге, заманауи экологиялық таза технологияларды қолдануға, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласында жоғары стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуге, Түркістан облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ адами капиталдың сапасын арттыруға инвестиция салуының маңыздылығын атап өтті.

Бөлісу: