Қазақстан
1 мин оқу 562

Қазақстанда 3,8 млн жеңіл көлік тіркелген

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда тіркелген жеңіл көліктер саны 3,8 миллионнан астамды құрады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

2021 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстан Республикасында 224 421 жеңіл автомобиль тіркелді. Бұл, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,5% көп.

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, елімізде тіркелген жеңіл көлік саны 3849,9 мың бірлікті құрады. Сондай -ақ статистика мәліметіне сәйкес, биылғы қаңтар-наурыз аралығында 2621 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3968 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 4,3% азайды.

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, көлік құралдары иелеріне сақтандыру ұйымдары 8,8 млрд теңге сомасына 19 627 сақтандыру төлемін жасады.

Бөлісу:
Қазақстанда 3,8 млн жеңіл көлік тіркелген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар