Ауа райы
1 мин оқу 410

14 мамырға арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 14 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Солтүстік-батыс антициклоны әсерінен Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте – тұман түседі, шығыста бұршақ жаууы ықтимал», делінген хабарламада.

Түркістан облысында шаңды дауыл соғады, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында да  күндіз жел күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Алматы, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.  Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі.

Қызылорда облысының және Алматы облысының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады

Бөлісу:
14 мамырға арналған ауа райы болжамы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар