Қазақстан
1 мин оқу 911
Ұлытауда «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені ашылады
<p style="text-align: justify;">Маусым айының соңына қарай Ұлытауда «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені ашылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ел алдындағы есебі кезінде осылай деді.
«Киелі туризмді дамытуды ынталандыру және тарихи-мәдени нысандарға туристік қызығушылықты арттыру мақсатында маусым айының соңына қарай Қарағанды облысының Ұлытау ауданында «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені ашылады», деді Ақтоты Райымқұлова.
Сондай-ақ министр шілде айында Шығыс Қазақстан облысында «Абай жолымен» атты ақпараттық тур өткізу жоспарланып отырғанын айтты.
Бөлісу: