Оқиға
1 мин оқу 210
Іздеуде жүрген қырғызстандық қылмыскер Алматыда ұсталды
<p style="text-align: justify;">Алматылық полицейлер Қырғызстанда адам өлтіргені үшін іздеуде жүрген ер адамды ұстады. Күдіктіні экстрадициялау туралы мәселе қарастырылып жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ведомство мәліметі бойынша, 32 жастағы күдікті Алматы қаласында бой тасалап жүрген.
«Күдікті Алматы қаласы аумағында жасырынып жүргені туралы ақпарат келді. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктіні экстрадициялау мәселесі халықаралық шарттарға сәйкес шешіледі», деді Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Рүстем Әбдірахманов.
Бөлісу: