Алматыда әуе апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
<p style="text-align: justify;">Әуе апатында жарақат алған ҰҚК қызметкерлерінің жағдайы тұрақты. Олар жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Бұл туралы №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Екі науқастың да жағдайы тұрақты. Олар реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылды. Палатада ем алады», деді №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков.
Еске сала кетейік, 13 наурыз күні Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы 17.22 кезінде радардан жоғалып, қала әуежайы маңында апатқа ұшыраған еді. Ұшақта болған 4 адам қаза тауып, 2 адам түрлі жарақатпен Алматы қаласының №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген.