Bank RBK оқиғасы: Жомарт Ертаевтың жазасы жеңілдетілді
<p style="text-align: justify;">Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінген бұрынғы банкир Жомарт Ертаевтың жазасы жеңілдетілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
Апелляциялық кеңестің шешімімен Жомарт Ертаев түрмеде 11 жыл емес, тек тоғыз жыл қамауда болатын болды. Соттың оған қатысты басқа үкімдері өзгеріссіз қалдырылды.
Qazaq banki-нің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагим де жеңілірек жаза алды. Бұрын тағайындалған сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасы жеті жылға дейін азайтылды.
Сондай-ақ Bank RBK басқармасының бұрынғы төрағасы Игорь Мажинов сегіз жылға сотталған болатын. Оның мүлкін тәркілеумен бірге бостандықты жеті жылға шектеу қарастырылған.
Олардан басқа, тағы 18 сотталушыға қатысты үкім өзгертілді.