Қапшағайдан Күртіге дейінгі жол қайта жөнделеді
<p style="text-align: justify;">«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Egis International» (Франция) бірлескен кәсіпорны және «CS Consultant» ЖШС (Қазақстан) жөндеу жұмыстарының орындалуына техникалық қадағалау қызметін көрсету туралы келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
67 шақырымға созылған жолды жөндеу жұмыстарына техникалық қадағалауды жүргізетін компаниялар да анықталды.
Келісімшарттың талаптарына сәйкес инженерлер тобы 10 адамнан тұрады. Қазір топтың толық құрамы құрылыс учаскесіне жиналған.
«Egis International» 2011 жылғы 1 шілдедегі «EGIS bceom International» және «Egis Route» еншілес компанияларының халықаралық тасымалдар саласындағы халықаралық инженерлік қызметінің бірігу нәтижесінде құрылған.
«Egis International» екі инжинирингтік компанияның тәжірибесіне сүйенеді.