Аймақтар
1 мин оқу 211

Семейде екі жеңіл көлік соқтығысып қалды

<p style="text-align: justify;">Семей қаласындағы Абай көшесінде екі көлік бетпе-бет соқтығысты, деп хабарлайды &nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 14 мамырда сағат 16:35 шамасында болған. Абай көшесімен келе жатқан «ВАЗ-2110» көлігінің 28 жастағы жүргізушісі алдындағы автокөлікке соғылмас үшін қарсы жолаққа шығып кетіп, «Lada хray» көлігімен бетпе-бет соқтығысты.

«Жол апатының салдарынан «Lada хray» көлігінің жүргізушісіне дәрігерлердің көмегі қажет болды. Ер адамға амбулаториялық ем тағайындалған. Ал «ВАЗ-2110» автокөлігін тізгіндеген қала тұрғыны мидың шайқалуы диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскемен қаласында ұрланған көліктің апатқа ұшырағанын

Бөлісу:
Семейде екі жеңіл көлік соқтығысып қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар