Қоғам
1 мин оқу 645

Павлодар облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы басталды

<p style="text-align: justify;">2021 жылдың 15 мамыры мен 15 маусымы аралығында&nbsp; өңірде &laquo;Мерейлі отбасы&raquo; ұлттық байқауының қалалық және облыстық кезеңі&nbsp; өтеді, деп хабарлайды&nbsp; <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының   мәліметі бойынша,   ұлттық байқаудың аймақтық кезеңі  конкурсқа өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар қатысады.  

– Конкурсқа қатысуға  еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі. Облыстық кезеңнің жеңімпаз отбасыларына «Мерейлі отбасы» лауреаты атағы, атап айтқанда, диплом және айрықша белгі (статуэтка), беріледі. Сондай-ақ ынталандыру сыйлықтармен марапатталады, – деп жазылған хабарламада.


Конкурсты өткізудің мақсаттары:

  • отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту,   ерлі-зайыптылар арасындағы жауапкершілікті арттыру;
  • ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
  • отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу және кеңінен насихаттау;
  • қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.


Естеріңізге сала кетейік, «Мерейлі отбасы» байқауы Қазақстанда 2014 жылдан бастап өткізіліп жатыр. Оның басты мақсаты – адамгершілік құндылықтарды жаңғырту және отбасы мен некенің жағымды  көрінісін қалыптастыру.

Бөлісу: