Оқиға
1 мин оқу 152

Глубокое ауданында жер үйдегі өрт сөндірілді

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз&nbsp; өкілі бүгін Опытное поле ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққанын мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

4 отбасына арналған үйде жиһаз бен еденді жалын шарпыды. Өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетіп, 3 шаршы метрге жайылған тілсіз жауды ауыздықтап, оның көрші үйлерге таралуына жол бермеді.

«Құтқарушылар келгенге дейін 17 жастағы жігіт бірінші қабаттың терезесін сындырып, далаға шыққан. Сынған әйнектен жарақат алған оны жедел жәрдем дәрігерлері медициналық мекемеге жеткізді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 15 адам мен 3 техника жұмылдырылған», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Алдын ала мәлімет бойынша өрт электр сымынан шыққан.

Бөлісу:
Глубокое ауданында жер үйдегі өрт сөндірілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар