Елорда
1 мин оқу 230
Нұр-Сұлтанда жол апатында көлік аударылды
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласында жол апатында көлік аударылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Апат 15 мамырда таңғы сағат 06.41-де болды. Subaru Forester автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі Сәтбаев көшесінің бойымен Қажымұқан көшесінің қиылысында бағдаршамның тыйым салатын белгісіне жүріп кетіп, Lada маркалы автокөлігіне соқтығысты. Subaru Forester аударылды.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada жүргізушісі ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін жіберілді. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу: