Елорда
1 мин оқу 491

Елордада 4 жасар бала оныншы қабаттан құлап кетті

<p style="text-align: justify;">Елордада 4 жасар бала тұрғын үй кешендерінің бірінде оныншы қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Бүгін 17.23-те көз алдымда бір бала қаза болды. Ол 10-қабаттан құлады, 3-4 жаста. Барлық қызметке қоңырау шалдым, бірақ бала сол жерде қайтыс болды. Ата-аналар терезелерді қашан жауып жүреді?», деп жазды Facebook қолданушысы.

Бұл ақпаратты елордалық ПД растады.

«14 мамырда сағат 17.39-да «102» желісіне тұрғын үй кешендерінің бірінде 2016 жылы туған бала 10-қабаттың терезесінен құлап кетті деген хабар түсті. Бала алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды», деді полициядағылар.

Еске сала кетейік, дәл осындай жағдай 14 мамырда Көкшетауда болған еді. Көппәтерлі үйдің 7-қабатындағы ашық терезеден екі жасар қыз құлап, қайтыс болды.

Бөлісу: