Қоғам
1 мин оқу 280

Бас санитар жаңа қаулыға қол қойды

<p style="text-align: justify;">Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясов &laquo;Қазақстанға Мальдив аралдарынан коронавирус инфекциясы келуінің алдын алу шараларын күшейту туралы&raquo; жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары: 1) Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдарды 14 күнге үйде оқшаулауды (үй карантині) қамтамасыз етсін. Үй карантиніне оқшаулау ПТР әдісімен CОVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманың болуына және CОVID-19-ға қарғы вакцинациясының бар-жоғына қарамастан жүргізіледі; 2) Соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдарды 14 күн бойы медициналық бақылауды қамтамасыз етсін», деп атап өтілген қаулыда.

Аталған қаулы 2021 жылғы 17 мамыр сағат 00-ден бастап күшіне енеді.

Бөлісу:
Бас санитар жаңа қаулыға қол қойды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар