Қазақстан
1 мин оқу 956

Бүгін елімізде қатты ыстық болады

<p style="text-align: justify;">17 мамырда Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклоны әсер ететіндіктен, күн райы ашық болады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тек еліміздің солтүстік, орталық және шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр жауады. Еліміздің кей жерлерінде, оңтүстік және оңтүстік-батыста жел күшейіп, шаңды дауыл соғады. Түркістан облысында, Маңғыстау облысында таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Түркістан облысында екпіні 25 м/с жетеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысында, күндіз Атырау облысының кей жерінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Күндіз Ақмола, Атырау, Қостанай, оңтүстік Батыс Қазақстан облысында қатты ыстық болады. Қызылорда облысының басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Бүгін елімізде қатты ыстық болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар