Әлем
1 мин оқу 170

Израильде синагога мінбері опырылып түсті

<p style="text-align: justify;">Израильдің Гиват-Зеев елді мекенінде синагога мінбері опырылып түсті. 130 адам зардап шегіп, екі адам қаза тапқан, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқиға иудей мейрамы - Шавуот мерекесін тойлау кезінде болған.  

«Сағат 19:14-те жедел жәрдем пультіне Иерусалимде ондаған адам тұрған мінбердің құлағаны туралы хабар келді», деді «Маген Давид Адом»  жедел жәрдем қызметінің өкілдері.

Дәрігерлер 60-қа жуық зардап шеккендерге көмек көрсеткен, оның ішінде он адамның жағдайы ауыр.

Артынша тағы 130 адам эвакуацияланған. Полиция Иерусалим маңындағы Гиват-Зеевте жаппай дұға жасау кезінде ережелердің сақталуын тексеруді бастады. Бұл туралы Израиль полициясының ресми өкілі Михаэль Зингерман айтты.

Бөлісу: