Экономика
1 мин оқу 313
Доллар арзандап, мұнай қымбаттады
<p style="text-align: justify;">Бүгін Қазақстан қор биржасы доллардың орташа бағамы 427,14 теңгені құрап, 1,48 теңгеге төмендегенін мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ақша айырбастау нысандарында долларды 426,5 теңгеден сатып, 427,9 теңгеден сатып алып жатыр.
Десе де, бүгінгі сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы өсіп келе жатқанын байқауға болады. Себебі шілде айына WTI мұнай фьючерстері 0,12%-ға өсіп, барреліне 65,45 долларға жуықтайды.
Сондай-ақ Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,04%-ға, яғни барреліне $68,74-ке дейін артты.
Бөлісу: