Аймақтар
1 мин оқу 240

Павлодарда жеке меншік ғимараттардан өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Оқиға орнында тілсіз жауды 30 адам мен алты техника сөндіріп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жалын Қостанай көшесіндегі жеке тұрғын үй секторында тіркелді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама диспетчер пультіне сағат 12:50-де түскен.

– Жеке тұрғын үй секторында бес ғимарат өртеніп жатыр. Өрттің аумағы анықталуда. Әзірге  толық сөндірілген жоқ, – деді  департаментте.

Апаттар медицинасы орталығының мамандары мен жедел құтқару тобы да сол жерде жұмыс істеп жатыр.
Бөлісу: