Ауа райы
1 мин оқу 1,010

Елімізде күн қайта салқындайды

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет 18-20 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz">Egemen.kz</a>.</p>

Аптаның ортасында еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай ойнайды.

Шығыс Қазақстан мен орталық өңірлерде жаңбыр жаууы мүмкін.

19 мамырдан бастап Салехард аймақтарынан суық антициклонның ығысып келуіне байланысты күндізгі температура солтүстікте 12-17 градус, орталықта – 15-20, кей жерлерде – 12 градус, шығыста 10-15 градус болып төмендейді. Кей жерлерде 7 градус Цельси төмен температура сақталады.

Ал 20 мамырда елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.

Бөлісу:
Елімізде күн қайта салқындайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар