Әлем
1 мин оқу 166

Қазақстан Елшісі Қырғызстан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасының Елшісі Рәпіл Жошыбаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Рәсім барысында Қырғызстан Президенті Елшіні қызметке тағайындалуымен құттықтай отырып, оның аталған лауазымдағы алдағы жұмысы екі мемлекет арасындағы тату көршілікке негізделген өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Рәсімнен кейін орын алған кездесуде қазақстандық дипломат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы бауырластық және одақтастық қарым-қатынастарды әрдайым қолдайтынын, әрі бұл бағытты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жалғастырғанын баса айтты.

Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы саяси диалогтың жоғары деңгейін атап өтіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыру мүмкіншіліктері бойынша пікір алмасты.

Кездесу соңында Президент С. Жапаров Елбасы Н. Назарбаев пен Президент Қ. Тоқаевқа ізгі лебіздерін жеткізуді сұрады және жаңа Елшіге қазақ-қырғыз қарым-қатынастарын одан әрі нығайту жолында зор табыстар тіледі.

Бөлісу:
Қазақстан Елшісі Қырғызстан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар