Қазақстан
1 мин оқу 331

Бүгін елімізде жел күшейіп, жаңбыр жауады

<p style="text-align: justify;">18 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тек еліміздің оңтүстігінде және батысында жауын-шашын болмайды. Еліміздің кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-батыста кей жерлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел күшейіп, дауыл соғады.

Түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз 15-20 м/с болады. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Жамбыл, күндіз Павлодар облыстарында жел күшейеді, күндіз бұршақ жауады.

Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Бөлісу: