Аймақтар
1 мин оқу 430

Ақылды су есептегіш құралдары орнатыла бастады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Цифрлы Қазақстан&raquo; мемлекеттік бағдарламасы аясында осы жылы Шымкенттегі кәсіпорындарға 3,7 мың ақылды су есептегіш құралдары орнатылмақ. Бұл туралы &laquo;Су ресурстары-Маркетинг&raquo; ЖШС басшысы Анарбек Орман мәлімдеді.</p> <p style="text-align: justify;">&nbsp;</p>

Ақылды су есептегіш құралдары орнатыла бастады

Мекеме басшысының айтуынша, сумен жабдықтау және кәріз саласындағы өн­ді­рістік процестерде цифр­лан­­­­дыру жұмыстары қар­қын­­­ды жүргізілуде. Осы­лай­ша, жо­ба толықтай іске қо­сылса, ком­мерциялық құры­лым­дар­дың 86 пайызына адам фак­торының қатысуынсыз қызмет көрсетілетін болмақ.

«Алдағы 5 жылда бар­лық тұтынушыға ақыл­ды су есептегіштер орнату жоспарланып отыр. Бүгінде қаладағы 7 243 заңды тұлға­лардың 2,5 мың тұтынушысы элек­трон­ды басқару функциясы бар «IC-card» ақылды су есеп­тегішті пайдалануда», дейді мекеме басшысы.

Цифрлы технологиялар кә­сіпорын қызметінің барлық са­ласында қолданылатынын айт­қан серіктестік басшы­сының баяндауынша, цифрлан­дырудың нәтижесінде тұр­­ғындар суды үнем­дей бас­таған. Ал мекеменің ха­лыққа қызмет көрсету сапасы жоға­рылаған.

Бұдан бөлек, 2025 жылға дейін Шымкент қаласының гео­­порталына барлық сала­ның мәліметтері бірегей фор­­­мат­та жи­налып, сумен, кәріз жүйе­сімен қамтамасыз ету жұмыстары жүз пайыз цифрлы форматқа көш­пек. Бұл өз кезе­гінде су жүйе­сіндегі ақаулар мен жөндеу жұ­мыс­тарын онлайн ба­қы­лап, сер­вистік қызметтің са­па­сын арт­тыруға көмек­тес­пек.

ШЫМКЕНТ

Бөлісу:
Ақылды су есептегіш құралдары орнатыла бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар