Қазақстан
1 мин оқу 1,974

Forbes тізіміндегі қазақстандық жеті миллиардер

<p style="text-align: justify;">Forbes.kz басылымы Қазақстанның ең дәулетті 50 бизнесменінің тізімін жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Былтыр отандық миллиардерлер тізімінде төрт адам ғана болса, биыл бұл тізімді Kaspi тобының иелері Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе және Freedom Finance негізін қалаушы, сондай-ақ негізгі акционері Тимур Турлов толықтырды. Олардың  жиынтық байлығы былтырғы көрсеткіштен (12,7 млрд АҚШ доллары) екі есе жоғары – 24,1 млрд АҚШ доллары.

Ең дәулетті ондыққа келесі азаматтар енген:

  1. Владимир Ким. Дәулеті – 4,7 млрд АҚШ доллары;
  2. Вячеслав Ким. Дәулеті – 4,2 млрд АҚШ доллары;
  3. Михаил Ломтадзе. Дәулеті – 3,9 млрд АҚШ доллары;
  4. Болат Өтемұратов. Дәулеті – 3,5 млрд АҚШ доллары;
  5. Тимур Құлыбаев. Дәулеті – 2,9 млрд АҚШ доллары;
  6. Динара Құлыбаева. Дәулеті – 2,9 млрд АҚШ доллары;
  7. Тимур Турлов. Дәулеті – 2 млрд АҚШ доллары;
  8. Ибрагимовтер әулеті. Дәулеті – 980 млн АҚШ доллары;
  9. Кеңес Рақышев. Дәулеті – 950 млн АҚШ доллары;
  10. Сәрсеновтер әулеті. Дәулеті – 810 млн АҚШ доллары.
Бөлісу:
Forbes тізіміндегі қазақстандық жеті миллиардер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар