Аймақтар
1 мин оқу 270

Атырауға «Спутник V» вакцинасының 7 650 дозасы жеткізілді

<p style="text-align: justify;">Бүгін Атырауға &laquo;Спутник V&raquo; вакцинасының II компонентіне арналған 7 650 доза жеткізілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауға «Спутник V» вакцинасының 7 650 дозасы жеткізілді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек,  вакцина дозалары 41 егу бекетіне бөлінеді. 

«Бүгін, 18 мамырда өңірге Ақтөбедегі фармацевтикалық хабынан «Спутник V» вакцинасының ІІ компонентіне арналған 7 650 доза жеткізілді. Вакцина дозаларын егу бекеттеріне бөлу және тасымалдау жүргізілуде. Қазір өңірде 41 екпе бекеті жұмыс істейді. Оның екеуі Теңіз кен орнында, ХҚКО-да, «Тамаша», «Көктем», «Атырау», «Байзар»,  «Дина» сауда орталықтарының әрқайсысында бір-бірден екпе бекеті ашылды. Бұдан басқа, қалалық, аудандық емханалар жанында 23, сондай-ақ, 10 жылжымалы бекетте  тұрғындарға вакцина салынады», деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Бөлісу:
Атырауға «Спутник V» вакцинасының 7 650 дозасы жеткізілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар