Аймақтар
1 мин оқу 400

Шымкент қаласының әкімі алма бағы мен картоп егістігін аралады

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов Алтынтөбе тұрғын алабындағы &laquo;Керемет - сапа&raquo; ЖШС-нің интенсивті алма бағы және картоп егістігі шаруашылығын аралап көрді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жеке шаруашылық 14 га жерге бау-бақша жемістерін және 10 га жерге картоп егеді. Өткен жылы 30 тонна алма және 400 тонна картоп жинап, қаладағы сауда нүктелеріне таратқан. 

Қалада тұтыну стандарттарына сәйкес, картоп өнімдеріне қажеттілік  – 102,5 мың тонна. Өндірілетіні – 4,9 мың тонна немесе қажеттілік 4,8 % ғана қамтамасыз етілуде.

а

Қазіргі таңда жеке кәсіпкер картоп егістігі көлемін арттыруды, картоп өніміне деген қажеттілікті қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Шымкент қаласының әкімі алма бағы мен картоп егістігін аралады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар