Аймақтар
1 мин оқу 243

Шикі бұйрықтың шырғалаңы

<p style="text-align: justify;">Петропавл қаласының балабақша тәрбиешілеріне қосымша қызметі, атап айтқанда модераторлығы үшін ақы төленбейтіні туралы редакциямызға дабыл түсті.</p>

Шикі бұйрықтың шырғалаңы

Қалалық білім бөлімінің бас бухгалтері Нұрлыгүл Бижігітова бұл мәселеден хабардар екен.

Жалпы, біліктілік категориялары арнаулы комиссияның шеші­мі­мен беріледі. БҒМ 2021 жылғы 14 қаңтардағы бұйрығы бойынша ұстаздар мен тәрбиешілер жылына 15 маусым мен 15 жел­тоқ­сан­да екі рет жіберіледі. Соның ішінде 15 маусымға дейін біліктілік ка­те­горияларын алғандарға 1 қыр­күйек­тен бастап қосымша ақы төленуде, ал 15 желтоқсаннан алғандарға 1 қаң­тардан бастап тө­леу­ге нақты бұйрық болмаған соң, есепшілер сақтанып отырған көрінеді.

Облыстық білім басқар­масы­ның басшысы Г.Кәрімова да осы мәселе бойынша облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының басшы­сы Б.Аюповқа жауап берген. 2021 жылдың 14 сәуірінде жазған хатында ол БҒМ-ның жо­ға­ры біліктілік ка­тегорияларын алған­дарға 1 қыр­күйектен бас­тап қосымша төле­неді деген бұйрығына одан әрі «сонымен қатар аттестацияның қоры­тын­дыс­ы бойынша біліктілік кате­гория­сын алғандарға 1 қаң­тар­дан бастап қосымша төле­не­ді» деген өзгерістер енгізу ұсы­ныл­­ды деп айтқан. Осы өзгеріс­пен министрлік жаңа бұйрық шы­ғар­са, 15 желтоқсанға дейін категория алғандарға да қосымша төленетін көрінеді. Бірақ осы ұсы­­ныл­ған өзгерісте де 15 жел­тоқ­­­­саннан біліктілік категория­сын алғандарға деп нақты көр­се­тіл­­меген.
Сөзді жеп қою, бұйрықты анық, нақты жасай алмау сайып кел­генде, халықтың зардап ше­гуі­не соқтырады.

ПЕТРОПАВЛ

Бөлісу: