Мемлекет басшысы Ереван университетінің профессорына алғыс хат жолдады
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Ереван мемлекеттік университеті түркітану кафедрасының меңгерушісі, профессор Александр Сафарянға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыстады, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz">Egemen.kz</a>.</p>
Профессор Александр Сафарянға Қазақстан мен Армения арасындағы мәдени және білім салалардағы байланыстарды дамытып, сондай-ақ армян тіліне Абайдың «Қара сөздерін», М. Әуезовтың «Абай жолы» романын және «Қазақ әдебиетінің антологиясын» аударған.
Ғалым өзінің еңбегін жоғары бағалағаны үшін ризашылық білдіріп, екі халық арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі күшейтуге дайын екенін растады. Ол Ереван мемлекеттік университеті мен Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалап, оқытушылармен, ғылыми зерттеушілермен академиялық алмасулар жайында атап өтті.