Спорт
1 мин оқу 213

Лозаннада қыздар да сенімді ақтамады

<p style="text-align: justify;">Бұл күндері Швейцарияның Лозанна қаласында садақ атудан әлем кубогының кезеңдік сайысы өтіп жатқаны белгілі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Лозаннада қыздар да сенімді ақтамады

Жарыстың екінші күні әйелдер сайысы өтті. Өкінішке қарай, біздің бұрымдылдар өрелі өнерімен өз жанкүйерлерін қуанта алмады. Бұл сайыста Алина Ілиясова – 37, Фарида Түкебаева – 40 және Анастасия Баннова – 42 орындарды иеленді.

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы жарыс күні ерлердің бәсекелерін тамашалаған едік. Жерлестеріміздің арасынан ең үздік көрсеткішке Денис Ганкин қол жеткізді. Ол 21 орынды иеленді. Ал Санжар Мұсаев (51 орын), Ильфат Абуллин (58 орын) және Сұлтан Дүзелбаевтің (73 орын) көрсеткіштері одан да нашар болды.

 

Бөлісу:
Лозаннада қыздар да сенімді ақтамады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар