Оқиға
1 мин оқу 171

Бурабайда қонақүй өртенді

<p style="text-align: justify;">Бурабайда &laquo;Інжу&raquo; қонақүйі өртенді. Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба тарап жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Желідегі бейнежазбадан екі қабатты қонақүйдің шатыры отқа оранғанын көруге болады. Әлеуметтік желі қолданушылары оқиға орнына жедел жәрдем бригадасының жеткенін, сондай-ақ жергілікті өрт сөндірушілерге Щучье қаласындағы әріптестері көмекке келгенін айтуда.

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі «Інжу» қонақүйінің өртенгенін растады.

Алайда, өртке қатысты толық мәліметті кейінірек беретінін жеткізді.

Бөлісу:
Бурабайда қонақүй өртенді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар