Оқиға
1 мин оқу 400

NASDAQ 100 АІХ-те орналастырылды

<p style="text-align: justify;">Astana International Exchange биржасы жергілікті бөлшек сауда инвесторларының АҚШ технологиялық компанияларының NASDAQ 100 индексіне қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа биржалық нота (&laquo;ETN&raquo;) листингі өткені туралы хабарлайды.</p>

NASDAQ 100 АІХ-те орналастырылды

iX NASDAQ 100 Equities бир­жа­лық нотасы NASDAQ 100 ин­декс­іне енгізілген Apple, Microsoft, Google, Amazon, Tesla және тағы басқа әлемдік техно­ло­гия­лық компаниялардың ак­циялары­на инвестициялаудың шығыны аз, салық салыну деңгейі төмен нұсқасы саналады.

«AIX қазақстандық бөлшек сау­да инвесторларына арнап, түрлі активтердің индекстері мен нысандарына инвестициялай алуы үшін бағалы қағаздар ассор­ти­ментін ұлғайтуын жалғастыруда. ETN орналастыру арқылы биржа жергілікті бөлшек сауда инвес­торл­арының қорын дамыту бо­йынша өз міндеттемелерін орындайды», деді AIX басқармасының төрағасы Тим Беннетт.

Биржалық ноталар инвес­тор­ларға түрлі нарықтық негізгі көрсеткіштердің кірістілігіне жол ашады.   iX NASDAQ 100 Equities биржалық нотасы Invesco QQQ Shares биржа қоры­ның көрсеткіштеріне байланыс­тырылған.

«Райффайзенбанк» активтер­дің сақталуын қамтамасыз ететін банк-депозитарий ретінде, сон­дай-ақ CROWE Kazakhstan ком­па­ниясы аудиторлық компания ретінде белгіленді.

AIX биржасы 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері саналады. Биржа ағылшын құ­қығының қағидаларына негіз­делген нормативтік орта шең­берінде жұмыс істейді, осы ар­қылы инвестициялық қызметті жү­ргізудің сенімді шарттарын қам­тамасыз етеді.

Бөлісу:
NASDAQ 100 АІХ-те орналастырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар