Аймақтар
2 мин оқу 203

Аягөздегі «әйгілі» орталықта тағы да шу...

<p style="text-align: justify;">Аягөз қаласында 2006 жылы туған кәмелетке толмаған жеткін&shy;шекке арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәр&shy;бие&shy;шілері дене жарақатын салған. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.</p>

Аягөздегі «әйгілі» орталықта тағы да шу...

Баспасөз конференциясында аудан әкімі Сейілбек Ысқақов, аудан прокуроры Руслан Мұратбеков, мекеме директоры Шолпан Мақашева оқиға туралы ресми ақпарат берді.

– Дәрігер-психиатрдың қы­рағы­лығы мен бейнебақылау каме­раларының нәтижесінде болған оқиғаға жедел мониторинг жә­не бейнетіркеу жүргізілді. Қа­­­ты­гез іс-әрекет дерегі бо­йын­­­ша бірден құқық қорғау ор­ган­­­дарына, про­куратураға, аудан-­
­дық әкімдікке хабарланып, Жұ­мыспен қамту және әлеу­мет­тік бағдарламаларды үйлес­ті­ру бас­қармасына баяндал­ды. Бей­не­жазбалар құқық қорғау орган­дарына берілді. Мен қыз­мет алу­шының қамқоршысы бол­ған­дықтан, қатыгездік фактісі бо­йынша арыз жаздым, – деді орта­лық директоры Ш.Мақашева.

Аягөз аудандық полиция бө­лімі жедел-тергеу тобының қыз­мет­­керлері зардап шегушінің беті мен мойын тұсында сызаттар барын анықтады. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекс­тің 140-бабының 2-бөлігімен (кәме­летке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) қозғалған қылмыстық іс тір­келді. Заңнамаға сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді. Қазіргі уақытта бұлтартпау мәселесі шешілуде. Сот-медициналық сараптама таға­йындау жоспарлануда.

Баспасөз конференциясында спикерлер атап өткендей, былтыр мекемеде облыс прокурорының бастамасымен тәрбиеленушілер­дің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камералары орнатылған болатын. Естеріңізде болса, былтыр Аягөз ауданындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету ор­талығындағы төрт баланың ауыр дене жара­қатын алу дерегі бо­йынша қыл­мыстық іс қозғалған еді. Тәрбиеленушілердің өліміне қатыс­ты тергеу барысында екі ко­мис­сиялық сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп, балалар туа біткен ауру салдарынан қайтыс болды деген қорытын­ды жасалған-ды. Алайда мәйіттер­ді тексеру кезінде үш баланың дене­сінен жарақаттар анықталған. Енді міне, жыл өтпей жатып, 15 жастағы баланы ұру дерегі тір­келіп отыр. Айта кетейік, іс – облыс прокурорының ерекше бақы­лауында.

 

Бөлісу:
Аягөздегі «әйгілі» орталықта тағы да шу... · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар