Оқиға
1 мин оқу 230
Елордада құрылысшы 10-қабаттан құлап кетті
<p style="text-align: justify;">Елордада құрылыс алаңында ер адам биіктен құлап кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Оқыс оқиға 20 мамыр күні таңертең Есіл ауданында болған. Құрылыс алаңында түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды.
Оқиғаға қатысты полиция түсінік берді.
«Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сағат 11.08-де № 2 қалалық ауруханаға 36 жастағы ер адам салынып жатқан нысанның 10-қабатынан құлап, жарақат алғаннан кейін жеткізілгені туралы хабарлама келді», деді қалалық ПД баспасөз қызметі.
Құқық қорғау органдары соталды тергеуді бастады.
Бөлісу: