Оқиға
1 мин оқу 223

Алматы облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Алматы облысында жол-көлік апатынан 30 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында мерт болды. Оның 4 жасар қызы түрлі дене жарақатымен Алматы қаласындағы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 19 мамыр күні түнгі сағат 22:05 шамасында болған.

Алдын ала болжам бойынша, Талғар ауданының «Жалғамыс-Төңкеріс» жолында «Daewoo Espero» автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан «Mitsubishi Galant» көлігіне соғылған.

«Оқиға орнында «Daewoo Espero» көлігінің 30 жастағы жолаушысы мерт болды. Оның 4 жастағы қызы Алматы қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ осы көлікте болған 31жастағы және екінші көліктің 53 жастағы жолаушысы түрлі дене жарақатымен Өтеген батыр ауылындағы ауруханаға түсті», делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазір аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған.

Бөлісу: