Парламент
1 мин оқу 494

Журналистер арасында «Аманат» байқауы жарияланды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында &laquo;Аманат&raquo; конкурсының басталғанын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

VII шақырылған Парламенттің І сессиясы ашылған күннен бастап 20 мамырға дейін Сенат қызметін жария ету жөніндегі авторлық ұжымдардың да, жекелеген авторлардың да БАҚ-та жарияланған материалдары конкурсқа қатысуға жіберіледі.

«Сіздерді конкурсқа қатысуға және өз жұмыстарыңызды жіберуге шақырамыз. Конкурс қағидасының толық мәтіні және өтінішке қажетті бланкі Сенаттың ресми сайтындағы «БАҚ-қа арналған» бөлімінде орналастырылды. Материалдарды қабылдау 10 маусымда аяқталады. Конкурс қорытындысы ҚР Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай шығарылып, лауреаттар жарияланады. Материалдарды Сенаттың баспасөз қызметінің Senat_Press@parlam.kz электрондық поштасына жіберу қажет. Анықтама телефондары: 74-72-39, 74-72-40», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Журналистер арасында «Аманат» байқауы жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар