Аймақтар
1 мин оқу 290

Атырауда кіші сержанттар балаларды өрттен құтқарды

Атырау қаласында балаларды өрттен құтқарған екі кіші сержанттың бірі – Ұлттық Ұланда, ал, екіншісі полиция қызметкері болып жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда кіші сержанттар балаларды өрттен құтқарды

Кеше, 19 мамырда сағат 8:30 шамасында Атырау қаласының «Балықшы» шағын ауданындағы тұрғын үйдің кіреберісіндегі электр желісі өртенген.
Өртті алдымен №5546 әскери бөлімінің кіші сержанты Шалқар Сабырғалиев байқаған. Онымен бірге полицияның кіші сержанты Салауат Қарабаев та өртенген үйдің тұрғындарын құтқаруға ұмтылды. Бірақ, кіреберісті қара түтін тұмшалап тұрғандықтан екеуі тек 3-қабатқа дейін көтеріліпті. Түтінге тұншыққан олар жоғары қабатқа жете алмай, далаға шығуға мәжбүр болған.

Сол кезде Шалқар Сабырғалиев көрші үйдегі пәтерінен әскерилер жиі қолданатын газтұтқышты алуға жүгіре жөнелген. Газтұтқышты киген ол 5-қабатқа көтеріліп, пәтердің бірінен балаларды балконға алып шықты. Кейін пәтер иелерінің бірі 5-қабатта екі баласы бар тағы бір отбасы тұратынын айтқан.

Екі кіші сержант Шалқар Сабырғалиев пен Салауат Қарабаев түтінге қарамастан 5-қабатқа көтеріліп, пәтердегі бірі – 2 жастағы, екіншісі – 2 айлық баланы құтқарған.

Бөлісу:
Атырауда кіші сержанттар балаларды өрттен құтқарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар