Аймақтар
1 мин оқу 203

Студентке сергектік жарасады

<p style="text-align: justify;">Кеншілер астанасындағы Қазтұтынуода&shy;ғының Қарағанды экономикалық универ&shy;ситетінде дене тәрбиесі мен спортқа ерекше маңыз берілген. Мұндағы спорт кешенінде жыл сайын түрлі республикалық және облыстық деңгейдегі жарыстар мен турнирлер өтіп тұрады.</p>

Студентке сергектік жарасады

Сонымен қатар аталған оқу орнында елімізге белгілі көптеген спортшы білім алған. Мысалы, олардың қатарына боксшылар – Олимпиаданың қола жүлдегері Серік Елеуов, Олимпиаданың кү­міс жүлдегері Василий Левит, әлем чемпионатының күміс жүл­дегері Қамшыбек Қоңқабаев, әлем чемпио­натының екі дүркін қо­ла жүлдегері Абылайхан Жү­сі­­­­повті, сондай-ақ балуан, Олим­­пиа­даның қола жүлдегері Эльмира Сыз­дықованы, конькимен жү­гіруші, Азия ойындарының чем­пионы, үш бір­дей Қысқы Олим­пия ойындарының қа­тысушысы Ека­терина Айдованы және бас­қаларды қосуға болады.

Таяуда осы университетте кәсіби спорттық керек-жарақпен жаб­дықталған жаттығу залы сал­танатты түрде ашылды. Оқу орнының басшылары бұл залдың «Дене тәрбиесі және спорт менедж­менті» мамандығы үшін зерт­хана ретінде пайдаланылатынын да айтады. Мұнда емдік дене шынықтыру, фитнес-технологиялар, таңдалған спорт түрінде оқыту әдістемесі сияқты пәндер оқытылатын болады. Сонымен қатар бұл залда футзал, волейбол, баскетбол, жеңіл атлетика бо­йынша университет құрама ко­мандаларының жаттығулары өтеді.

Айта кету керек, аталған залда кәсіби спорт жабдықтары өнімдерімен аты әлемге танымал болған Shandong Tianzhan Fitness Equipment Co ком­паниясының 19 түрлі жаттығу құралы орнатылған.

ҚАРАҒАНДЫ

Бөлісу:
Студентке сергектік жарасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар