Каспий жағалауындағы қамыс өрті әлі толық сөнген жоқ
<p style="text-align: justify;">Атырауда Каспий жағалауындағы қамыс өрті әлі толық сөнген жоқ, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 20 мамырда осы мақсатқа Атыраудағы өрт сөндіру бөлімдерінен 13 қызметкер мен АЦ-6-40, Трэкол, Шерп, АСА-20 маркалы арнайы техникалар жұмылдырылды.
«Қазавиақұтқару» АҚ-ның «Ми-8» тікұшағымен әуеден барлау жүргізу кезінде шамамен 10,6 гектар аумақта 6 өрт ошағы анықталды. Тікұшақтағы «ВСУ-5» құрылғысымен әуеден су шашылып, 4 өрт ошағы сөндірілді» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Департаментте өртті сөндіруге байланысты іс-қимылдарды үйлестіру үшін жедел штаб құрылды. Жағалаудағы қамыс өртін сөндіру жалғасып жатыр.