Қоғам
1 мин оқу 222

Көкшетауда 4 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті

<p style="text-align: justify;">Көкшетауда үйінде ағасымен бірге қалған төрт жасар бала екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

20 мамырда екінші қабаттың терезесінен баланың құлап кеткені туралы хабарлама түсті.

«Төрт жасар бала 10 жасар ағасымен үйде жалғыз қалған. Осы кезде ата-анасы емханаға кеткен. Үлкен ағасы жуыну бөлмесінде болған кезде, бала өздігінен терезеге көтеріліп, байқаусызда терезеден құлап кеткен. Құлаған баланың жағдайы тұрақты, дене сынықтары мен жарақаттары жоқ», деп атап өтті ведомстводан.

Бөлісу:
Көкшетауда 4 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар