Аймақтар
1 мин оқу 730

Семей қаласында жаңа жағалау ашылады

<p style="text-align: justify;">Семей қаласында алдағы жазда жаңа жағажай ашылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Биылғы суға түсу маусымында семейліктер жаңа жағажайға барып шомыла алатын болады. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында шаһар басшысы Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді. Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, жағажайдың орны анықталған.

«Жағажай сол жағалаудағы Мелькомбинат ауданында болады. Қазір құжаттама тиісті органдарда келісуден өтіп жатыр», деді қала әкімі.

Жағажайдан басқа тұрғындар 2019 жылы қайта құру үшін жабылған орталық саябақта демала алады. Аталмыш саябақтың ашылуы Халықаралық балаларды қорғау күнінде, яғни 1 маусымда жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Семей қаласында жаңа жағалау ашылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар