Ақсу қаласының әкімі лауазымынан босатылды
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 32-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы 59-бабының 9), 16) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы «Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы» № 828 Жарлығына сәйкес Павлодар облысы әкімінің өкімімен Нұржан Кемерұлы Әшімбетов Ақсу қаласының әкімі лауазымынан босатылды, - деп жазылған хабарламада.