Спорт
1 мин оқу 473
Су добынан Қазақстан чемпионы анықталды
<p style="text-align: justify;">Таразда су добынан әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
Ел біріншілігіне Алматы, Тараз, Нұр-Сұлтан және Орал қалаларынан командалар қатысты. Нәтижесінде Тараз қаласының әйелдер құрамасы топ жарды. Алматылықтар екінші болса, Нұр-Сұлтан қаласының өкілдері үздік үштікті қорытындылады.
Айта кетерлігі, республикалық чемпионат 19-21 мамыр аралығында өтті.
Бөлісу: