Хоккей
1 мин оқу 153

Әлем чемпионаты: Қазақстан алғашқы матчында жеңіске жетті

<p style="text-align: justify;">Хоккейден Қазақстан құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионаты аясындағы алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Prosports.kz&nbsp;сайтына сілтеме жасап.</p>

Жарыс қожайындары Латвияға қарсы өткен матчта Қазақстан буллит сериясынан соң жеңіске жетті. Матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды.

Латвия — Қазақстан 2:3 Б (0:0, 1:1, 1:1, 0:0, 0:1)

Шайбалар:

1:0 — 27:44 Дарзиньш (Даугавиньш)
1:1 — 38:59 Шин (Старченко, Диц)
2:1 — 45:25 Букартс (Цибульскис)
2:2 — 45:37 Блэкер (Сведберг, Сагадеев)

Қақпашылар:
 Кивлениекс — Бояркин

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы элиталық топқа бес жылдан кейін қайта оралды. Әлем чемпионатына 16 команда қатысады. Олар: Қазақстан, Ресей, Швеция, Чехия, Швейцария, Словакия, Дания, Беларусь, Ұлыбритания, Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Латвия, Норвегия, Италия. Топта бірінші-төртінші орын алған командалар плей-офф кезеңіне өтеді.

Бөлісу:
Әлем чемпионаты: Қазақстан алғашқы матчында жеңіске жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар