Қоғам
2 мин оқу 2,273

440 мыңнан аса отбасы жәрдемақы алды

<p style="text-align: justify;">2021 жылғы қаңтардан сәуірге дейін көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 92,8 млрд теңгені құрады.&nbsp;Орта есеппен Қазақстандағы 440,1 мың отбасы жәрдемақы алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 2021 жылғы сәуірде жәрдемақының бұл түрін 448,9 мың отбасы алды. Оларға беріген қаржы 23,6 млрд теңгені құрады. Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлемдердің мөлшері балалар санына байланысты сараланған:

4 балаға – 46 760 теңге,

5 балаға – 58 457 теңге,

6 балаға – 70 154 теңге,

7 балаға – 81 852 теңге,

8 балаға – 93 344 теңге,

9 балаға – 105 012 теңге,

10 балаға – 116 680 теңге,

11 балаға – 128 348 теңге,

12 балаға – 140 016 теңге,

13 балаға – 151 684 теңге,

14 балаға – 163 теңге 352 теңге,

15 балаға – 175 020 теңге,

16 балаға – 186 688 теңге.

Еске сала кетейік, көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілген болатын.

Бөлісу:
440 мыңнан аса отбасы жәрдемақы алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар