Қысқы дөңгелекпен жүргендерге айыппұл салынады
<p style="text-align: justify;">Жазда қысқы дөңгелектерін ауыстырып үлгермеген жүргізушілер айыппұл төлейді. Себебі бүртабан (шипы) асфальтта тайғанайды, ал «жабысқақтар» (липучка) күн ыстықта өте қауіпті, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> kolesa.kz сайтына <a href="https://kolesa.kz/content/news/za-ezdu-letom-na-zimnih-shinah-polozhen-shtraf-5-mrp/">сілтеме</a> жасап.</p>
Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті мен ҚР Жол ережесі жаз мезгілінде қысқы дөңгелекпен жүруге тыйым салады.
Жүргізушілерге Әкімшілік кодекстің 590-бабы бойынша 5 АЕК (14 585 теңге) айыппұл салынады.
Екінші рет ескерту алғандар 20 АЕК түрінде (58 340 теңге) айыппұл төлейді.