Қоғам
1 мин оқу 150

Елімізде тағы 4 әуежай Ashyq-қа қосылады

<p style="text-align: justify;">Шымкент, Түркістан, Ақтау және Костанай әуежайларына кіру Ashyq қосымшасы арқылы болады. Бұл туралы &laquo;Атамекен&raquo; Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайлары Ashyq бойынша жұмыс істеп жатыр. Қазір осы процестер мысалында Ashyq-ты басқа нысандарда қолдануға мүмкіндік бар», деді Юлия Якупбаева ОКҚ брифингінде.

Ол жақында «Астана-Арена» стадионында көрермен қатысқан футбол матчы өткенін айтты. Бұл карантин шектеулері басталғаннан бергі алғашқы ауқымды шара. Онда шамамен 6 мың адам жиналған, «сары» мәртебесі бар бір адам анықталған.

«Егер процесті толық теңгере алсақ, бұл тәжірибені басқа ареналарға тарата аламыз, тіпті келушілерді 20-30 пайызға дейін көбейтеміз деп үміттенеміз.

Демалыс күндері бас санитарлық дәрігер қаулы шығарды, қолданбалы бизнес үшін жұмыс істеу едәуір жеңілдеді. Ashyq-пен жұмыс істемейтін басқа нысандар үшін талаптар әр аймақта әр түрлі болады. Шымкент, Түркістан, Ақтау, Қостанай әуежайлары кестеге сәйкес санитарлық дәрігердің бұйрығына енгізілген», деп қосты Якупбаева.

Бөлісу:
Елімізде тағы 4 әуежай Ashyq-қа қосылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар