Елорда мектептеріне «бомба» қойған күдікті іздестірілуде
<p style="text-align: justify;">Бүгін белгісіз біреулердің жарылғыш зат қойылғаны туралы білім беру мекемелерінің электронды пошталарына хат жолдағаны туралы полицияның «102» арнасына бірнеше шақырту келіп түскен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Қазіргі кезде мектептердің аумағынан адамдарды көшіру аяқталды. Жарылғыш зат табылған жоқ. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жарылғыш зат қойылғаны туралы қасақана жалған хабарлама үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Азаматтардан дүрбелең тудырмауды және мессенджерлерде жалған хабарламаны таратпауды сұрайды.