Спорт
1 мин оқу 242

Гимнастарымыз әлем кубогінде бақ сынайды

<p style="text-align: justify;">28 мамыр күні Италияның Пезаро қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогі кезеңі басталады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҰОК сілтеме жасап.</p>

Аталған сынға Қазақстан атынан екі спортшы қатысады. Жекелей сында Алина Әділханова мен Адиля Тілекенова өнер көрсетпек. 

Айта кетелік, Әділханова мен Тілекенова 6 маусым күні Ташкентте өтетін лицензиялық Азия біріншілігінде де бақ сынайды.  Италиядағы кубоктік кезең 30 мамыр күні мәресіне жетеді.

Бөлісу:
Гимнастарымыз әлем кубогінде бақ сынайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар